Семейде жас ақындардың облыстық мүшәйрасы өтті

3144
көрілім

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында «Jas Otan» Жастар қанаты мен Жазушылар одағы Семей қалалық филиалының ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – Тәңір берген тәтті сый» атты жас ақындардың облыстық мүшәйрасы өтті.

Талантты жас ақындарды мүшәйраға тарта отырып, шығармашылық жолдарын айқындап, насихаттау, әдебиетіміздің дамуына үлес қосуына қолдау көрсету, өлең сөздің ел рухына серпіліс беріп, тәуелсіздігіміздің нығаюына, жігерлі, табанды ұрпақтың тәрбиеленуіне ықпалын сезіндіру және патриоттық, гуманистік бағыттағы поэзияны дамыту.

Жас ақындардың өнеріне қоғам қайраткері, алаштанушы, ақын Нұрғалым Құсмила Жырғалымұлы және «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, «Жазушылар Одағы» Семей қалалық филиалының төрағасы Қарт Мерей төрелік етті.

Мүшәйра барысында «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы А. Аймұқаш:

«Біз бұл іс-шараны өткізу арқылы жастардың бойында рухани кемелденуді, қайсарлы күш пен шалқар шабытты шыңдайтын боламыз. Сондай-ақ, Елбасымыз, «Nur Otan» партиясының төрағасы Н. Назарбавтың «Болашашқа бағдар: рухани жаңғыру!» мақаласындағы басымдықты жүзеге асырудамыз. Бұл мәлени іс-шара Ұлы Абай, кемеңгер Шәкәрім, Мұхит ойлы Мұхтардың жерінде өткізілуі құбап-құп деп ойлаймын», - деп атап өтті.

Мүшайраға облысымыздағы 18 мен 35 жас аралығындағы 30 жас ақындары қатысты.

Әділ-қазылардың төрелігімен байқаудың бас жүлдесін Бауыржан Игілік жеңіп алса, 2 - орынды Жасұлан Мақаев және Төлеутай Динара, 3-орынды Еркінұлы Қуаныш, Жақсылықов Асқарбек және Ғалымбек Дильназ иеленді. Ал байқауға қатысқан барлық қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Кеш соңында жеңімпаз Б. Игілік:

«Жас ақындарды қолдап келіп отырған «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының жастарына алғысымды білдіремін. Сонымен қатар, барлық жеңімпаз ақындарды да шын жүрегіммен құттықтаймын!», - деп өз ілтипатын білдірді.