Семейде жасөспірім қалтасына оқ салып жүрген

424
көрілім

Семей қаласында 17 жастағы жасөспірімнің қалтасынан оқ табылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жуықта түнгі сағат 00.00-де тәртіп сақшылары Засядко және Уәлиханов көшелерінің қиылысында кәмелеттік жасқа толмаған азаматты тоқтатты. Тексеру барысында жасөспірімнің қалтасынан 5,45 және 7,62 калибрлі 2 оқ табылған.

- Полицейлер бірден оны бөлімшеге жеткізді. 17 жастағы жасөспірім Қызылорда қаласының тұрғыны болып шықты. Ол 20 күн бұрын Алматыда сантехник болып жұмыс істегенін, оқты жерден тауып алғанын айтты, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.