Семейдегі саяжайлардың бірінен өрт шықты

320
көрілім
Сурет ШҚО ТЖД

Семейде «Мирный» саяжай алқабы маңынан өрт шыққан, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Төтенше жағдай департаментіндегілердің мәліметінше, тілсіз жау саяжай маңындағы қамыстан тұтанып, кейін  сегіз үй мен алты шаруашылық құрылысының аумағына жайылған. Өрт қамтыған жалпы аумақ 1000 шаршы метрді құрады, – делінген мәліметте.

Қызыл жалынды ауыздықтауға барлығы 40 қызметкер мен 11 техника жұмылдырылды.