Семейдегі турнирде үздіктер 10 салмақта анықталады

60
көрілім
Фотосурет inform.kz сайтынан

Мәскеу Олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің жүлдесіне өтетін грек-рим күресінен халықаралық сайыста төменгі салмақ 55 келіден басталады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Белгілі болғандай, ауқымды турнирде 2000-2002 жылдары туған жастар өз мүмкіндіктерін байқайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, айтулы аламанда 55, 60, 63, 67, 72, 77, 82, 87, 97 және 130 келіге дейінгі салмақтар бойынша жүлделі орындар сарапқа салынады. Аталмыш дода халықаралық күрес күнтізбесінде жоғары беделге ие екендігін айта кеткен орынды.