Семейлік азамат бірнеше ай бойы еңбекақысын төлемеген мекемені сотқа тартты

530
көрілім

Семей қаласының тұрғыны бірнеше ай бойы жалақысын төлемеген ЖШС басшысына арызданған, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жергілікті Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің біріне құрал-жабдық және автоматтандыру шебері ретінде жұмысқа тұрған ер адам ай сайынғы жалақысын ала алмай әуре-сарсаңға түскен. Мекеменің қарызы 353 мың теңгеге жеткенде сабыр суы сарқылған азамат қалалық сотқа барып арыз жазады.

Сотта анықталғандай, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заң талаптарын бұзған жұмыс беруші, жұмыскердік жалақысынан ұсталған 108 844 теңгені оның зейнетақы қорына аудармаған. Сот үкімімен ЖШС басшысы кінәлі деп танылып, жәбірленушінің талап арызы толықтай қанағаттандырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.