Семейлік бикеш көлік ұрлаймын деп қолға түсті

520
көрілім

Семей қалалық Полиция басқармасына 22 жастағы жігіт қоңырау шалып, көлігін біреу айдап кеткендігін айтқан, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Оқиға Өтепбаев көшесінде орын алған. Жәбірленушінің ауласында жүрген кезде бұрымдыға көлікті рұқсатсыз айдап кету туралы ой туады. «ВАЗ-2109» темір тұлпарына отырған ол, дереу көлікті есік алдынан шығарып алып, із суытпақ болған.

Келтірілген шығын көлемі 400 000 теңгеге бағаланды. Жедел-іздестіру жасағы 21 жастағы күдіктіні ұстаған. Тексеру кезінде әйел адам кінәсін толық мойындап, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.