Семейлік ер адам монтаж тапаншасы мен электр «пчелканы» ұрлап кеткен

2553
көрілім
Шартты фотосурет

Наурыз айының басында Семей қалалық полиция басқармасының Затон полиция бөліміне «102» жедел арнасына 56 жастағы қала тұрғыны қоңырау шалып,  белгісіз біреудің құлыпталмаған есік арқылы үйіне кіріп, электр «пчелканы» қолды қылғанына шағымданған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 Электр заттан бөлек,  көбік желім шашатын тапанша мен рюкзак сөмкесін де ұрлаған.  Келтірілген шығын 40000 теңгені құрады.
ШҚО Полиция департаментіндегілердің айтуынша, жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында қылмыстық полиция қызметкерлері 42 жастағы ер адамды ұстап, одан заттай дәлелдемелер алынды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу  амалдары жүргізілуде.