Семейлік фельдшерлер жүкті әйелді босандырып алды

397
көрілім

Жедел жәрдем бригадасының фельдшерлері дүниеге аман-есен қыз баланың келуіне жәрдемдесті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

– Жедел жәрдем бригадасы аяғы ауыр әйелге дер кезінде медициналық көмек көрсеткен. Әйелдің толғағы қысып, қатты қиналған. Алайда абзал жандардың арқасында қыз бала өмірге келді. Босандырып алғаннан кейін анасы мен баласын перинаталдық орталыққа жеткізген, – деп хабарлады ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Аурухана қызметкерлерінің айтуынша, сәбидің жағдайы қалыпты, салмағы 3 келі. Екеуі де дәрігерлердің бақылауында, қазір өздерін жақсы сезінуде.