Семейлік малшы қожалық басшысының көлігін ұрлап кеткен

403
көрілім

Әуезов полиция бөліміне шаруа қожалығының басшысы шағымданып, көлігін біреу айдап кеткендігін айтты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу «Тойота Ленд Крузер» маркалы көлігін рұқсатсыз алып, 5 000 000 теңге шығын келтірген.

– Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы жетіп, куәгерлер мен шағымданушы азаматтан қажетті ақпарат алды. Жоғалған көлікке қатысты мәлімет барлық полиция жасақтарына жіберілген. Араға көп уақыт салмай қылмыстық іздеу қызметкерлері күдіктіні ұстады. Аталған құқықбұзушылыққа барған 28 жастағы қожалық малшысы бұрын да істі болғаны анықталды, – деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Онымен қоса тергеу кезінде көлік ішінен тегіс ұңғылы «Моссберг» аңшы мылтығын да алып кеткені белгілі болды. Қазіргі таңда заңбұзушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.