Семейлік спортшы Азия чемпионатына қатысады

412
көрілім

Республика көлемінде 63 келіде сенімді өнер көрсетіп, тұғыр сатысынан орын алып жүрген жерлесіміз Ернұр Фидахметов күрес түрлерінен Үндістан астанасында өтетін құрлықтық чемпионатта бақ сынайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Семейлік грек-рим күресінің шебері мұның алдында Францияда өткен Анри Дегланды еске алуға арналған халықаралық турнирге қатысқан болатын. Алайда тағы да жүлдегер атанудың сәті түспеді. Бұл жолы бас бапкер Бахтияр Байсейтов бастап баратын палуандар қатарынан жерлесіміз де орын алған. Ресми парақша дерегіне сүйенсек, 97 және 130 келі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғайтын палуандар есімі әлі де белгісіз. Айтпақшы, бұл жолы 67 келі салмақта үржарлық Алмат Кебіспаев емес, шымкенттік Әділхан Сатаев жарыс жолына шықпақ.

Айта кетейік, Азия чемпионаты тура 10 күннен кейін басталады.

Әділхан ЕСІМХАНОВ