Сенімге кірген Өскемендік 3 млн теңгеге қалтасын қампайтты

670
көрілім
Шартты сурет

Өскемен қаласында алаяқтықтың арбауына түскен 5 қыздан арыз түсті. 23 жастағы қала тұрғыны ақшалай көмек көрсету сылтауымен жәбірленушілердің атына қымбат смартфондар мен смарт-сағаттар ресімдеген. Келген шығынның жалпы сомасы шамамен 3 400 000 теңгені құрады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ер адам өз ісін мойындап отыр. Ол өзінің таныстарына қаржылай көмектесемін, шағын несие ұйымдарында несие ресімдеп беремін деп сылтауратып, аттарына тауарлық несие алған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 190-бабы 1-бөлігі – «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.