Сенімсіздік білдірді

294
көрілім

Облыс әкімдігінің кеңейтілген аппарат отырысында өңір басшысы Даниал Ахметов аймақтың қыс мезгіліне дайындығын қадағалайтын шенеуніктерді сынға алды, деп хабарлайды газет тілшісі YK-news.kz сайтына сүйене отырып.

Өткен жылы төбе көрсеткен көмір жетіспеушілігі биыл да орын алып отыр. Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының сендіргеніне қарамастан, статистика керісінше көрсеткішті көрсетуде. Облыс әкімінің айтуынша, қазіргі уақытта Аягөз ауданында қажетті 70 мың тонна көмірдің орнына 650 тонна, Жарма ауданында қажетті 55 мың тоннаның орнына 5 мың тонна ғана көмір жеткізілсе, ал Бесқарағай ауданында мүлдем ештеңе дайындалмаған.

- Шілде айынан бері немен айналысқандарыңызды түсінбеймін, - деді облыс әкімі өзінің орынбасары Серік Акрамов пен облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының бастығы Мұрат Мұсатаевқа. - Мұндай жұмыспен өткендегі оқиға қайталануы мүмкін. Оның үстіне жақында күзгі орақ маусымы басталып, көлік құралдары тапшылығын туындатады.

Өңір басшысы қоластындағылардан 1 қыркүйекке дейін көмір жайындағы жағдай туралы толық есеп беруді талап етті.

Айсұлтан АЗАМАТ