Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусы шығысқазақстандық жастарды сержанттық оқуға шақырады

1257
көрілім

Ақмола облысы Шучье қаласында орналасқан ҚР ҚМ-нің Шоқан Уалиханов атындағы Кадет корпусы шығысқазақстандық жастарды сержанттық оқуға шақырады, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Кадет корпусы сержанттар құрамы лауазымдарында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін кіші командалық құрам кадрларын даярлайды. Жалпы орта білім базасында оқыту – 1 жыл 10 ай.

Оқу негізінде кадеттер толық мемлекеттік қамқорлықта болады. Оларға ай сайын ақша төленеді. Оқитындар корпустың жатақханасында тұрады. Семестр аралығында кадеттерге демалыс беріледі. Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан табысты өткен бітірушілерге Кадет корпусының мөрімен расталған техникалық және кәсіптік білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат табысталады.

Кадет корпусына қабылдау шарттары:

Әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған азаматтар;

Әскери қызмет өткергеназаматтар және оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа толғанға дейін мерзімді әскери қызмет өткерген әскери кызметшілер;

Жиырма бес жасқа толғанға дейін келісімшарт бойынша әскери қызмет өткерген әскеи қызметшілер.

Оқуға түсуге үміттенушілер толық мағлұматтар алу үшін ШҚО Өскемен қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, Протозанова,37 мекенжайына хабарласуға болады.