Шабақ жіберілді

364
көрілім

Ертіс өзенінің Өскемен және Шүлбі ГЭС-тері орналасқан бөліктеріне 400 мыңға жуық сазан шабақтары жіберілді.

Трансшекаралық өзенді балықтандыру жұмыстары 14 қыркүйек күні жүргізілді. Өзеннің Ермаковка және Азовое ауылдарының тұсындағы бөліктеріне 400 мыңға жуық сазан шабақтарының жіберілгені жөнінде Өскемен және Шүлбі ГЭС-нің қоғаммен байланыс қызметі хабарлады.

Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар бұдан былай тұрақты түрде жүргізіліп отыратын көрінеді. Су электр станцияларының балықтың көбеюіне және оның тамақтану базасына кері әсерін тигізетіні ешкімге де жасырын емес. Өйткені оларда балықты қорғайтын және өткізетін құрылғылар қарастырылмаған.

Ерлен ОСМАНОВ