Шабуыл жасады

444
көрілім

Өскемен қаласында букмекерлік кеңсе кассиріне қарақшылық шабуыл жасалды.

25 жастағы бойжеткен бетін жейдемен тұмшалаған еркек өзін пышаққа ұқсас затпен қорқытып, 4500 теңгесін алып кеткені жайлы полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары сол жердегі бейнебақылау жүйесінен оқиға барысын көріп, таспаға түсіп қалған ер адамдардың бейнесін анықтауға тырысады.

Оқиғадан 40 минут бұрын сол жерде болған бір адам күдікке іліккен. Полиция қызметкерлері оның жеке тұлғасын бірден анықтады, ол бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 26 жастағы Семей қаласының тұрғыны болып шықты.

Айбын АМАНГЕЛДІҰЛЫ