Шаңғы тебуден жарыс өтті

431
көрілім

Өскемен гарнизонында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі аясында, салауатты өмір салтын сақтау мақсатымен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бірыңғай спорт күні өтті.

Жарыс тұрақты орналасу орында қауіпсіздік шаралары мен санитарлық нормаларды сақтай отырып, арнайы дайындалған жолда өткізілді.
Шаңғымен жүгіру бағытындағы іс-шаралардың қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, талаптарға сәйкес жедел жәрдем мен медициналық сүйемелдеу де қарастырылды.
- Жарыстың мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, әскери қызметшілердің денсаулығын сақтау мен нығайту. Әскери қызметшілердің дене даярлығының жоғары деңгейін қолдау. Жаппай спортпен жүйелі шұғылдануға гарнизондағы әскери қызметшілер тартылды,- деді 27943 әскери бөлімі спорт және дене дайындығының бастығы лейтенант Алмас Айдарханов.
Жүлделі орынды мықтылар иеленіп, жарыс барысында қатысушылар жақсы нәтижелер мен дене даярлықтарын көрсетті.
Шаңғы тебуден жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды басқарманың әскери қызметшілері, екінші орынды 1 мотоатқыштар батальоны иеленді, ал 2 мотоатқыштар батальонының сарбаздары үшінші орынды қанағат етті.
Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі