Шар қаласында тұрғын үй салынбақ

10766
көрілім

Жарма ауданына қарасты Шар қаласында тұрғын үй құрылысы қолға алынады. Бұл туралы аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Жауапты тұлға Шар қаласына жасаған жұмыс сапарында қалалық қоғамдық ұйым өкілдерімен бірлесе отырып, жаңа тұрғын үйлерді орналастыру орнын талқылады.
– Осы жылы «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында қалада тұрғын үй құрылысын жүргізуді көздеп отырмыз. Қаланың шет мөлтекаудандарын дамыту да назарға алынды. Қаладағы Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің балалар сыйымдылығы мәселесі әлі де болса жоспарға сәйкес жұмыс істеуді қажет етеді, – деді Ахметқали Ахашұлы.
Бұл ретте аталған білім ордасының маңайында тұрғын үй құрылысын дамыту жағы қарастырылды. Көпшілік талқылауынан соң жаңа баспаналар орны бекітіліп, алдағы уақытта жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылмақ.