Шекарада ақшасы тәркіленген Гүлжан Мəуітханның ісі прокуратураға қайтарылды

1000
көрілім

Майқапшағай кеден бекетінде 50 мың АҚШ долларға жуық ақша тәркіленіп, келеңсіз жайға тап болған Гүлжан Мәуітханға қатысты аппеляциялық соттың шешімі шықты, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Гүлжан Мәуітханның ісіне қатысты аппеляциялық сот отырысы кеше басталған болатын. Істі қараған аппеляциялық сот Зайсан аудандық сотының шешімінің күшін жойып, істі қайта прокуратураға қайтарды. Мұқият Мəуітхан мен Əділбек Мұқташұлына қатысты қаулының да күші жойылды. Қорғаушы тараптың аппеляциялық шағымы қанағаттандырылды. Прокуратура істі қайта қарайтын болды.

Естеріңізге сала кетсек, Майқапшағай кеден бекетінде 50 мың АҚШ долларына жуық ақша тәркіленген Гүлжан Мәуітханның ісіне қатысты сот процесі сәуір айында аяқталған болатын. Зайсан аудандық сотының үкімімен айыпталушы Қылмыстық кодекстің «экономикалық контрабанда» бабы бойынша кінәлі деп танылып, аталған соманың 40 мың АҚШ доллары мемлекет кірісіне өндірілген. Сондай-ақ, Гүлжан Мәуітханға 30 АЕК мөлшерінде (68070 теңге) айыппұл салынған еді.

Аян Өрібаев