Шәкіртақы қаншаға өсті?

48
көрілім

Биылғы жылдан бастап студенттердің шәкіртақысы өскендігі жайлы естідік. Алайда әркім әр түрлі айтуда. Бір танысым университет шәкіртақысының мөлшері 100 мың теңгеден асады десе, енді біреуі 60-70 мың көлемінде дейді. Келесі жылы балам бұйыртса, жоғары оқу орнына түспекші. Сол себепті біз шәкіртақының нақты қаншаға өскендігін білгіміз келіп еді.

Толқын, Үржар ауданы

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылу салтанатында 2020 жылдың қаңтар айынан бастап студенттерге, магистранттарға және докторанттарға шәкіртақының 25%-ға өсетінін жариялаған болатын. Кейін аталған тапсырманың қалай жүзеге асырылатыны туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Айтмағамбетов айтып берді.

– Студенттердің шәкіртақысын көтеруге республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінеді. 1 қаңтардан бастап бакалавриат, магистратура және докторантурада оқып жатқан барлық студенттердің шәкіртақысы 25% өседі. Бұл Президенттің тапсырмасы және ол уақытында орындалады. Бір жылға ЖОО студенттеріне 13 млрд теңге қаржы бөлінеді, – деген еді министр.

Студенттердің шәкіртақысы нақты қанша сомаға өскендігі туралы ақпарат (суретте) ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтынан алынды.