Шемонаиха ауданында ер адам байлаулы бұзауды ұрлап кеткен

291
көрілім

Қыркүйек айының 17-сі күні Шемонаиха аудандық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне байлаулы тұрған бұзау ұрланғандығы туралы шағым түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Белгілі болғандай, тәртіп сақшыларына келіп жүгінген ауданның 50 жастағы тұрғыны белгісіз біреу үй маңында байлаудағы 4 айлық қара-ала бұзауын жасырын ұрлап кеткенін хабарлады. Келтірілген шығын 150 000 теңгені құрады.

 - Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп, бұрын бірнеше рет сотталған 50 жастағы жергілікті тұрғын анықталды. Жануар тәркіленіп, иесіне қайтарылды, - делінген мәліметте.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.