Шемонаиха ауданындағы Рулиха ауылында шағын балабақша ашылды

1195
көрілім

Осы жылдың қорытындыласақ, «AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдауларына шалғайдағы ауылдық елдімекендер тұрғындарынан бес мыңнан астам өтініш түскен, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Айта кету керек, ауыл тұрғындары көтерген мәселелер – ауылды абаттандыру, сумен қамтамасыз ету, сонымен қатар балалар мен жастардың бос уақытын тиімді өткізу мәселесін де сөз етті. Емделу, коммуналдық қызмет, несие және тағы басқа да қарыздарды төлеу,қайырымдылық көмек көрсету туралы өтінішпен партияға жүгінетін азаматтар көбейіп келеді.


Тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үй немесе жер телімдерін алу кезегінде жылжу мәселесі өзекті болып қала бермек. «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Рулиха ауылында 25 орындық балабақшаның ашылуына мұрындық болды.
- Тұрғындар бұл балабақшаның ашылуын ұзақ күттік. Балабақша бұрынғы амбулатория ғимаратының 1 қабатында орналасқан, қазір адам танымастай етіп қайта жөндеуден өткізді. Жатын және киім ауыстыратын бөлмелер, дәретхана бөлмесі, үлкен ас үйі бар бүлдіршіндер үшін өте ыңғайлы әрі жылы. Осындай балабақшаның ашылуына қол ұшын берген «AMANAT» партиясына алғыс білдіреміз, - дейді ауыл тұрғыны Наталья Горбатова.
Осыған дейін рулихалықтар партияның қоғамдық қабылдауында болып ауылға шағын болсада балабақшаның қажет екендігін айтып жүгінген болатын. Араға азғана уақыт салып депутаттардың атсалысуымен бұл мәселе оң шешімін тауып отыр.


- «Рулиха» ЖШС ұзақ уақыт бойы бос тұрған медициналық мекеменің қараусыз қалған ғимаратын жөндеп қана қоймай, балабақшаны жаңа жабдықтармен, қажетті керек-жарақтармен  толықтырды.  Біз ауылдастарымыздың өтініш тілектерін жерге қалдырмауға тырыстық, - дейді «Рулиха» ЖШС-нің директоры, аудандық маслихат депутаты Серік Сағындықов.