Шемонаиха қаласында «Барон» атты қызметтік ит көлік жолаушысынан есірткі тапты

416
көрілім

«Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында есірткі қылмысы анықталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
 «Рубеж» стационарлық бақылау бекетінде патрульдік полиция және кинологиялық қызмет тобындағылар 34 жастағы жергілікті тұрғын жүргізіп келе жатқан «ВАЗ» автокөлігін тоқтатқан.
– Көлікті тексеру кезінде «Барон» қызметтік иті көлік жолаушысына белсенді белгі берген. Тексеру кезінде 40 жастағы жолаушының қалтасынан өсімдік тектес заты бар қоңыр-жасыл түсті қағаз орамы табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысы табылған зат салмағы 1,06 грамм кептірілген марихуана екенін көрсетті, – делінген мәліметте.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК - нің 296-бабының 2-бөлігіне (Есірткі, психотроптық заттармен заңсыз жұмыс істеу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.