Шілде айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

343
көрілім

Шілдеде қазақстандықтарды 22 жұмыс және 9 демалыс күні күтіп тұр, деп хабарлайды газет тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» заңына сәйкес, 6 шілде елорданың мерекесі болғандықтан, ол күн демалыс болып саналады. 2019 жылы 6 шілде сенбі күніне түскендіктен, демалыс күні 8 шілдеге ауысады. Яғни дүйсенбі күніне.

Сондықтан бес күндік жұмыстағы қазақстандықтар үш күн демалады. Бұл 6-8 шілде аралығы.