ШҚМУ студенттері қарияларға қамқорлық көрсетті

626
көрілім

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ белсенділері «Ардагерлерді ардақтайық» атты жобаны жүзеге асыру мақсатында «Қамқор бол» акциясын қолға алды. Бұл шара бұған дейін де бірнеше рет ұйымдастырылған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шара аясында студенттер қарттардың үйін жинап, аулаларын күл-қоқыстан тазартты. Жастардың қамкорлығына қарттар да дән риза. Зейнет жасындағы ата-әжелер ауласының тазаланғанына қуанып қалды.

– Біздің мақсатымыз қаламыздағы жалғыз басты қарияларға аз да болса көмегімізді тигізу. Алда қыс келе жатыр. Көптеген қарттар көмекке мұқтаж. Біз олардың ауладарын шөп-шалаңнан тазарттық. Қысқы отындарын да жарып бердік. Бізге алғыстарын айтып жатыр. Бұл шараны әлі де жалғастырамыз, - деді Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Мәрлен Әбубәкір.