Ауылдық және аудандық ауруханаларда жұмыс істейтін жас мамандардың жағдайы жақсарады. Бұл жайлы облыс әкімдігінде өткен жиналыста айтылды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.
Биылғы жылы 241 жас дәрігер аудандарда жұмыс істеуге ниетті. Алайда көп жерде тәжірибе жинауға барған жас мамандар баспана жағынан қиындық көреді.
– Елді мекендерге барған жастарға үлкен мән берілуі қажет. Қазіргі күнде барлық жағдай жасалмайынша ешкім құлшыныспен жұмыс істемейді де. Мысалы Катонқарағай мен Таврия ауруханаларында 50 пайыз маман жетіспеушілігі сезіледі. Сондықтан облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мен жергілікті әкімдер осы жағын назарға алулары тиіс, – деп нақтылады Даниал Ахметов.
Айта кетейік, аймақ басшысы бірінші қыркүйекке дейін аталған мәселені шешуге нұсқау берді.