ШҚО ауруханалары қажетті жабдықтармен толықтай қамтылған

333
көрілім

Өңірде сапалы және уақтылы медициналық көмек көрсету үшін төсек-орын санын қажетті жабдықтармен қамту бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бүгінгі күні облыстың инфекциялық стационарларында 346 ӨЖЖ аппараты және 67 рентген - аппараты бар. Сондай-ақ облыста 1,1 мыңнан астам оттегі концентраторы бар. Олардың 76-сы бұған дейін медициналық ұйымдарда қолдануда болып келсе, 200-і жергілікті бюджеттен, 866-сы демеушілер мен қайырымдылық қорлардың көмегімен сатып алынды.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, пандемия басталған кезде облыста оттегі станциялары орнатылған 6 медициналық мекеме жұмыс істеді. Қазіргі уақытта тағы да үш мекемеге қосымша оттегі магистралдары жүргізілді. Бүгінгі таңда 12 медициналық ұйымда оттегі магистралдарын орталықтандыру және оттегі станцияларын орнату жүргізілді. Ауруханаға жатқызылған пациенттер 100% оксигенотерапиямен қамтылған.

Сондай-ақ облыстың медициналық ұйымдарына 27 кереует жанындағы монитор, 50 инфузиялық сорғы, 165 перфузор, 200 пульсоксиметр, 2 балалар ӨЖЖ аппараты, 200 көпфункционалды кереует сатып алынды. Тағы 158 монитор мен 3 ЭКМО жеткізіледі деп күтілуде.