ШҚО бас имамы пандемия кезіндегі жерлеу рәсімінің ережесі туралы айтты

408
көрілім
Фотосурет Stan.kz сайтынан

ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Шығыс Қазақстан облысының бас имамы Мұқатай Ермек қажы Тасболатұлы жерлеу рәсімі мен ас беру туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бас имамның айтуынша, жерлеу рәсімі барысында көп адам жиналуға болмайды. Әрине, халық көңіл айтқысы келеді. Алайда қазіргі жағдайға байланысты телефон арқылы көңіл айтуға болады. Бұл пандемияның кеңінен таралмауына мүмкіндік береді. Жерлеу рәсіміне 10 адамнан артық қатысуға болмайды. Дұға жасауға 5 минут беріледі. Бұл кезде барлық санитарлық талаптар сақталуы тиіс.