ШҚО басшылығы азаматтарды қылмыстық істер бойынша қабылдау жүргізеді

378
көрілім

ШҚО Полиция департменті басшылығы азаматтарды жеке қабылдау өткізеді, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

Ертең, яғни 12 қараша күні сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін ШҚО Полиция департаменті басшысының орынбасары, полиция полковнигі Закимов Елдос Дәулетқазыұлы қылмыстық істерді тергеу бойынша азаматтарды қабылдайды.

Басшылыққа алдын-ала жазылу 23-44-60 телефоны бойынша жүзеге асырылады.

Мұндай жұмыс форматының негізгі міндеті - азаматтардың нақты мәселелерін шешуге назар аудара отырып, халықпен тікелей диалог құру және қарым-қатынасты нығайту.