ШҚО білім басқармасына жаңа басшы тағайындалды

2215
көрілім

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының басшысы болып Нұргелді Әбжаппаров тағайындалды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бұл лауазымда Айжан Садықова қызмет атқарған болатын. Қазіргі таңда Айжан Ерханқызы мұғалімдердің облыстық кәсіподақ ұйымындағы қызметке ауысты.

Облыстық білім басқармасына басшы болып келген Нұргелді Әбжаппаров осы уақытқа дейін ШҚО білім саласын бақылау департаментін басқарған.