ШҚО Білім басқармасының басшысы болып Инесса Чернышева тағайындалды

1083
көрілім

Облысы әкімінің өкімімен тағайындалған басқарма басшысы еңбек жолын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Инесса Чернышева 1968 жылы туған. 1991 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін тәмәмдап, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі мамандығы бойынша жоғары білім алып шықты.

Еңбек жолын 1992 жылы № 38 мектеп-гимназияда орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Л. Гумилев атындағы № 38 гимназиясының директоры болып қызмет атқарды. 2021 жылдан бастап қазірге дейін Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты болды.