ШҚО боксшылары оқу-жаттығу жиынын Семейде өткізді

338
көрілім

Облыстың жастар құрамасы Семейде он күннен астам уақыт әзірлік жүргізді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстағы жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Шалқар Байсариннің басшылығымен былғары қолғап шеберлері Алматыда өтетін ел біріншілігі алдында тыңғылықты жаттығу жүргізді. Шәкірттерінің кем-кетігін толтырып, бабына ене түсулеріне Дастан Сақпанов, Талғат Жақпеков сынды тәжірибелі жаттықтырушылар да сүбелі үлес қосғандығын айта кетейік.

Жаңа жылдың алғашқы жауапты жарыстырының бірі осы жастар арасындағы ел чемпионаты. Бәсеке барысында алдағы уақытта жастар құрамасын толықтыратын спортшылар да іріктелмек.