ШҚО боксшылары жартылай финалға шықты

400
көрілім
Фотосурет бокс федерациясы сайтынан

Төрт жерлесіміз Атырау қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы ел чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Кеше ширек финалдық жекпе-жектер өтті. Алдымен семейлік Руслан Күзеубаевтың жолы шымкенттік Нұрдәулет Нұрмамбаевпен түйісіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. Мұнымен қатарлас жекпе-жекте Алматы облысының өкілі Ерасыл Таңқай қостанайлық Вячеслав Салибаевты айқын ұтқан болатын. Бүгін жартылай финалда Русланның жолы Ерасыл Таңқаймен түйіседі. Одан бөлек, 60 келіде Бауыржан Сатжанов, 81 келіде Ерасыл Жақпеков және 91 келідегі Ерхат Бекзат та ақтық сын жолдамасын сарапқа салады.

Әділхан ЕСІМХАНОВ