ШҚО бойынша филиал қызметкерлері «Донор күні» акциясы аясында 16 литр қан тапсырды

356
көрілім
Шартты фотосурет

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы ШҚО бойынша филиал қызметкерлерінің жұмыс күні әдеттегіден өзгеше басталды. Қызметкерлер жұмыс орнынан шықпай-ақ қан тапсырып, қан құю орталығының қорын толтыруға үлес қосты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

– Акцияға қатысушылар донор ретінде қан тапсырып, мұқтаж жандарға көмектесуді мақсат етті. Осындай шаралар қаншама жанның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде донор үшін де пайдалы. Ағзадағы қан жаңарып, ішкі ағзаларға оң әсерін тигізеді. Біз көмекке мұқтаж жандарға қолұшын соза алатынымызға өте қуаныштымыз, – дейді филиал директорының орынбасары Жанат Умергалиева.

Әрбір донор-қызметкер 350-400 мл шамасында қан тапсырды. Донациядан бұрын, қан тапсырушылар дәрігердің қабылдауынан өтті.

– Ерікті түрде жыл сайын қан тапсырамын. Өзімнің қан тобымды білемін және тапсырған қан мөлшері мұқтаж адамдарға сеп болса, мен үшін сол қуаныш, – дейді филиал қызметкері Айжан Агибаева.

Донор азаматтарға сол жерде тәттілер мен шай ұсынылады. Сондай-ақ Орталық қан тапсырғандығын растайтын анықтама береді. Сол құжатқа сәйкес донор бір күнге жұмыстан босатылады немесе еңбек демалысына қосымша бір күн қосып ала алады.

Айта кетейік, акция аясында ерікті 35-тен астам филиал қызметкері ерікті түрде қан тапсырды

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

Мемлекеттік корпорациясы ҚЕ АҚ ШҚО

бойынша филиалының баспасөз қызметі