ШҚО дзюдошылары Конфедерация кубогінің жартылай финалына жолдама алды

427
көрілім

Шығысқазақстандық татами шеберлері ширек финалдан сүрінбей өтіп, Конфедерация кубогінің жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.кз сайтының тілшісі.

Бас бапкер Бақытбек Дуанов баптайтын дзюдошылар бұл жолы барын салып, жүлде үшін таласу мүмкіндігіне ие болды. Өткен жылы аталмыш аламанды ерте аяқтаған жерлестеріміз биыл тас-түйін дайындықпен барған екен. Алдымен Петропавл өңірін 5:0, сосын қостанайлықтарды 5:0, іле Тараз облысының өкілдерін 5:0 есебімен айқын ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Құрамында Қуан Барыс, Ғабит Дәулетбаев, Әділ Оразбаев, Зере Бектасқызы сынды спортшылар әр белдесулерін айқын жеңіспен аяқтап, сенімді өнер көрсетті. Енді ақтық сын желтоқсан айының 8-9 күндері өтеді.

Әділхан ЕСІМХАНОВ