ШҚО әкімі Өскемендегі ЖМК-дағы қараусыз ғимаратта мектеп ашылатындығын мәлімдеді

139
көрілім

Өскеменде қараусыз қалған ғимарат орнында дарынды балаларға арналған мектеп ашылады.

- Білім саласында үлкен жоба іске қосылды. Жібек маталар комбинаты шағынауданындағы құрылысы аяқталмаған нысан көптің есінде. Бастапқы жоба бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігі онда машина жасау колледжін салуды жоспарлаған. Алайда жоба аяқталған жоқ. Сөйтіп ғимарат ұзақ уақыт бойы қараусыз қалды, - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.

Қазіргі уақытта аталмыш нысан облыс әкімдігінің балансына берілді. Жақын арада мұнда физика, математика, информатика және басқа да нақты ғылымдардағы дарынды балаларға арналған 900 орындық мектеп салынбақ.

- Сондай-ақ бұл жерде ШҚО-ның басқа аудандарынан келген балаларға арналған 160 орындық интернат қарастырылған. Оқу үрдісіне мықты профессорлық-оқытушылық құрам тартылатын болады. Педагогтар үшін де жайлы жатақхана салу көзделіп отыр. 300 орындық үлкен спортзал, бассейн және асхана болады. Қазір құрылысшылар барлық сақталған құрылыстардың жарамдылығына сараптама жүргізеді. Жоба толығымен қауіпсіз болуы шарт, - деді әкім.