ШҚО «Халифа Алтай» мешіті 200 оқушыға оқу құралдарын алып берді

329
көрілім

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде әлеуметтік аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында дәстүрлі «Мектепке жол» атты акция өтті. Акция барысында 200 ге тарта көпбалалы отбасылардың балаларына оқуға қажетті құралдар берілді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Іс-шарада Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің бірінші наиб имамы Дәулет Тілеуханұлы ата аналар мен оқушылар алдында сөз сөйлеп, игі істің маңызына тоқталды.

- Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Кім мейірімділік жасамаса, оған мейірімділік етілмейді» деп өсиет еткен. Мұқтаж жандарға көмек қолын созу адамгершілік парыз. Біз бір-бірімізге қайырымдылық жасай білсек қоғамда ізгілік орнайды. «Мектепке жол» акциясын жыл сайын ұйымдастырып келеміз. Бұл игі іс аудандар да өріс алуда, - дейді ол.

 Көмекке ие болған оқушылардың ата-аналары мешітке ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар Өскемен қаласындағы З.Ахметов атындағы №16 мектеп әкімшілігі атыннан оқу ісінің меңгерушісі «Халифа Алтай» мешітіне қайырымдылық көмегі үшін «Алғыс хат» табыс етті.

Акция алдағы уақытта да жалғасын табады.