ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры: Пандемия талай кәсіптің тұралауына негіз болды

390
көрілім

Облыс орталығында өткен жиында ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Мәріпбек Шәкербек аймақтағы бизнес субъектілерінің саны азайып бара жатқандығын мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жауапты тұлға жұқпалы вирустың кәсіптен бұрын республика, облыс көлемінде тұрғындардың тұрмысына төбеден жай түскендей әсер еткендігін жеткізді.

- Отандық тауар өндірушілерді өңірдегі ірі кәсіпорындар мен іскер азаматтар арқылы қолдау күн тәртібіне енген. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған диалогтік алаңда отандық тауар өндіру төңірегінде түрлі ұсыныстар білдірілмек. Осы ретте өткен жылы «Қазцинктің» қатысуымен отандық тауар өндірушілермен жалпы сомасы 7,3, млрд теңгені құрайтын 12 келісімшарт жасалды. Пандемия талай кәсіптің тұралуына негіз болғаны көпшілікке мәлім. Бұл ретте облыста ғана емес, республика көлемінде шектеу шараларына сәйкес бизнес субъектілерінің саны азайып бара жатқандығы анық байқалады. Осындайда алпауыт кәсіпорындардың іске арадасып, кемшін тұстарды бір бағытқа қоюда үлесі зор. Әсіресе шағын және орта бизнестің қарқынын бәсеңдетіп алмау маңызды. Бұдан бөлек, мемлекеттік сатып алу кезінде мониторингтер өз деңгейінде жүргізіліп отырса, кәсіпкерлердің жұмысы да жандана түспек, – деді Мәріпбек Шәкербек.