ШҚО Қытай нарығын бағындырмақ

270
көрілім

Өңір басшысы Даниал Ахметов облыстың ауыл шаруашылық саласын толығымен қайта құруды ұсынды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Нұр Отан» ШҚОФ партиясының отырысында аймақ басшысы ауыл шаруашылығы мамандарына жаңа мақсаттар мен міндеттерді жүктеді.

- Ауыл шаруашылық секторы құрылысын өзгертуіміз қажет. Алдағы үш жылда үлкен жұмыстар жоспарда тұр. Біз Қытай елі тұтынатын өнімдерді экспорттауымыз керек. Қытай біздің елге 49 млрд.-қа соя тасымалдайды. Біз де осы бағыт бойынша жұмыс істегеніміз жөн. Бұл ең дұрыс блок болмақ. Майлы дақылдар да солай. ҚХР-ға тауар экспорттау бірінші орында, - дейді Даниал Ахметов.

Бұған қоса облыс әкімі жерді өңдеудің инновациялық технологияларын енгізуді ұсынып отыр.

- Жаңа технологиялық шешімдерге қорықпай қадам басу керек. Аргентинаға барғанда таң қалдым, жерді жыртудың, басқа да амалдарды жасаудың қажеті жоқ. Егу, жинау жұмыстары мүлде өзгеше жасалады. Жерді күтудің де әдісі бөлек. Есесіне өнім алу көрсеткіші жоғары. 10 гектар аумақта алты адам ғана жұмыс істейді.

Данияр ЗАЙНЕЛОВ