ШҚО Қытайдағы «ЭКСПО» көрмесіне АЭС-ке арналған урандық таблеткаларды ұсынады

245
көрілім

Шығыс Қазақстан облысы Қытайда өтетін «ЭКСПО» көрмесіне атом электр станцияларына арналған урандық таблеткаларды ұсынбақ, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Осы жайлы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты.

– Бұл дайын өнім ядролық реакторларға арналған отын сияқты болады. Осындай өнім өңірде бұрын өндірілмеген. Бұған дейін Шығыс Қазақстан аумағында тек шикізат өндіріліп, көрші елдерге жіберілетін, - деді аймақ басшысы.

Осылайша, Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бағдарламасының және кәсіпорындардың жоғары технологиялық жабдықтарының арқасында Қытайда өтетін «ЭКСПО» көрмесінде АЭС-ке арналған урандық таблеткалар ұсынылмақ.