ШҚО Қытайға соя мен жүгері экспорттамақ

329
көрілім

ШҚО әкімі Даниал Ахметов соя мен жүгеріні Қытайға экспорттау керектігін айтты, деп хабарлайды Buqara.kz тілшісі.

- Өңірімізде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басты бағыты – өсімдік шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару. Бұл бірінші кезекте соя мен жүгеріге қатысты. 2024 жылға қарай оның егіс алқабы 4,2 есеге өсіп, экспорт көлемі 1,5 мыңнан 15 мың тоннаға дейін, яғни 10 есеге артады, - деді аймақ басшысы тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде.

Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан сүт, бал, панты, күнбағыс майы өндірісі бойынша республикада бірінші, ет өндіруде екінші орынға ие. 

- Соңғы 5 жылда сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында құйылған инвестициялар тұрғындардан сүт сатып алу көрсеткішін 17 есеге арттыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде өңдеуші кәсіпорындардың қуаттылығы 29-дан 75 пайызға дейін өсті, - деді Даниал Кенжетайұлы.