ШҚО мен Абай облысы бойынша қаңғыбас иттерді аулауға 150 миллион теңге бөлінген

452
көрілім
Шартты фотосурет

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында айтылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы эпизоотияға қарсы шаралар бөлімінің басшысы Мелис Қайнулдаевтың айтуынша, биыл наурыз айының 2-нен бастап «Жануарларға жауапкершілікпен қарау жөнінде» ҚР Заңнамасында жаңа заң күшіне енді. Соған сәйкес көшеде қаңғыбас ит көрген адам құзырлы органдарға хабар бергеннің өзінде көзін жоюға тыйым салынған.
– Жыл басынан наурыз айының 1-не дейінгі аралықта қараусыз жүрген 10 мыңға жуық ит пен мысық ұсталды. Биыл осы бағытқа 150 миллион теңге бөлінген. Енді Заңнамаға сәйкес қаңғыбас ит-мысықты уақытша ұстап, вакцинация жүргізіп, қоршаған ортаға залал келтірмейтіндігіне көз жеткізген соң қоя береді. Осы ретте қараусыз жүрген жануарларды жою бойынша жылда бөлінетін қаржы бұдан былай қайта қаралады. Заңнама аясында жеті бағдарлама пайда болды. Мысалға, уақытша ұстау, оларға арнайы тұрақ салу, аулау, вакцина салу және тағы басқалары. Қаңғыбас жануарларды есепке тіркеу де қарастырылған, – деді Мелис Қайнулдаев.