ШҚО мен Абай облысында келер жылы 19 спорт нысанының құрылысы басталмақ

859
көрілім

Ресми мәліметке сүйенсек, қазір өңір бойынша осындай 11 нысан салынуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Зайсан, Күршім аудандарынан бөлек, Аягөз, Глубокое, Ұлан, Жарма аудандары да бар. Айталық, Глубокое ауданының Белоусовка ауылында дене шынықтыру және сауықтыру кешені, Алтай, Шемонаиха аудандарында осындай құрылыс, қосымша бассейн салу жоспарға енген. ШҚО Денешынықтыру және спорт басқармасы дене шынықтыру бөлімінің басшысы Фархад Ануарбекұлының сөзінше, Абай облысындағы Абай, Үржар аудандарында ауқымды спорт нысандарының құрылысы қолға алынады.
- Аягөз қаласы мен Қалбатау ауылында бассейн, Тарбағатай ауданындағы Көкжыра ауылында спорт модулі салынады. Жалпысында, жүргізілген сараптамаларды қорыта айтсақ, облыс бойынша спорт залдар саны 100 пайыздан асады. Десе де ірі қалалар бойынша спорт нысандарына қажеттілік сақталып отыр - деді ол.