ШҚО мейрамханасында 22 жастағы қызды тонап кеткен

629
көрілім
Шартты фотосурет

Қаңтар айында Өскемен қаласы ПБ «102» арнасына 22 жастағы қыз қала мейрамханаларының бірінде оны тонап кеткендігі туралы жүгінген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, белгісіз біреудің киім ілгіште ілініп тұрған күртешесінің қалтасынан заттарды ұрлап кеткені анықталды. Нақты айтқанда ұялы телефонның қуаттағышы, сымды құлаққап, жүргізуші куәлігі, жеке куәлігі, сондай-ақ банк картасы және 3500 теңге сомасындағы ақшалай қаражат жоғалып кеткен.

– Материалдық шығын 30 000 теңгені құрайды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 46 жастағы қала тұрғынын анықтап, бөлімге жеткізді. Ол кінәсін толықтай мойындады, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.