ШҚО онкология орталығының дәрігерлері 53 жастағы науқастың өңеш қатерлі ісігіне күрделі ота жасады

855
көрілім


ШҚО онкология және хирургия көпсалалы орталығының мамандары өз тәжірибелерінде қатерлі ісіктің әртүрлі түрлерін емдеудің заманауи жоғары технологиялық әдістерін табысты меңгеруді және қолдануды жалғастыруда.
Онкохирургтер сондай күрделі оталардың бірі - өңеш онкологиясын емдеу әдісі-Герлок операциясын Өскемен қаласының тұрғыны Қанат Бисариновқа жасады.

Медициналық орталықта түсіндірілгендей, бұл асқазанның кардиальды бөлігіндегі қатерлі ісігіне лапаро, торако және диафрагмотомия жолдары арқылы жасалатын хирургиялық операция. Бүгін науқас өзінің жағдайының жақсарғанын, үйге тезірек шығуды күтіп отырғанын айтты.

- Онкологиялық орталықтың дәрігерлері-қарапайым адамдардың өмірін сақтап, салауатты болашаққа үміт беретін нағыз мамандар. Аурухананың барлық қызметкерлеріне жоғары білікті ем-домдары үшін және маған мұқият қарағаны үшін үлкен алғыс айтамын. Айта кетейін, операция маған МӘМС аясында мүлдем тегін жүргізілді, - деп бөлісті онкологиялық орталықтың пациенті.

Торакальды онколог-хирург Әділбек Баймұсанов тағы бір жағдай туралы айтты.
Облыс орталығының 57 жастағы тұрғыны Майра Айтуарқызы соңғы кездері өзін жайсыз сезініп жүрген. Ол тұрғылықты жері бойынша емханаға барып, дер кезінде диагностикадан өткен кезде ол кісіде қатерлі ісіктің алғашқы сатысы анықталған. Пациентке ота  МӘМС есебінен жасалды. Сәтті операциядан кейін әйел өзін жақсы сезінеді және қазір үйге қайтуға дайындалып жүр.

Айта кетейік, өткен жылы ШҚО онкология және хирургия көпсалалы орталығы онкохирургия бөлімшесінің дәрігерлері екі мыңға жуық жоғары технологиялық ота жасады.