ШҚО палуандары Қостанайдағы жарыстан жүлделі оралды

399
көрілім

Қостанайда ел көлемінде жасөспірімдер арасындағы еркін күрестің негізін қалаушы Петр Матущакты еске алуға арналған еркін күрестен 2003-2005 жылдары туған жасөспірімдер арасында XV республикалық турнир өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған турнирде Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясының еркін күрес бөлімінің және бірқатар жармалық бұрымдылар белдесіп, түрлі медальдар жиынтығын иеленіп қайтты.

Атап айтқанда, 69 келіде Аяжан Тоқташ пен 40 келіде Айдана Оразбаева топ жарды. 49 келіде Диана Зейноллановаға күміс, Шұғыла Жұмақанова (43 келі), Анастасия Дайчқа (49 келі) және Алина Вольфқа (69 келі) қола медаль бұйырды.

– Сайыс жоғары деңгейде өтті. Еліміздің түкпір-түкпірінен 400-ге жуық спортшы келіп қатысты. Қоржында алтын да, күміс те, қола да бар. Қыздардың барлығы лайықты белдесу көрсетті, – дейді бұрымдыларымызды Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей спорт академиясында баптап жүрген Арман Садыбеков.

Әділхан ЕСІМХАНОВ