ШҚО палуаны Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

423
көрілім

Жерлесіміз Исхар Құрбаев Нұр-Сұлтан қаласында өтіп жатқан күрес түрлерінен кадеттер арасындағы Азия чемпионатында қола медаль иеленді, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Грек-рим күресінен 51 келі салмақта белдескен аягөздік спортшы іріктеуден іркілмей өтіп, жартылай финалда ғана ирандық Саед Муради Есмаилиге есе жіберді. Ал кіші финалда оңтүстіккореялық Кунсеоп Лиден айласын асырды. 60 келіде бозкілемге беттеген тағы бір жерлесіміз Мерей Мәулетханов қола медаль үшін текетіресте түркіменстандық Дидар Оразбердиевке есе жіберіп, құрлықтық чемпионатты бесінші орынмен аяқтады.

Естеріңізге сала кетейік, грек-рим күресінің шеберлері ел қоржынына екі алтын, бір күміс және екі жүлде салды.

Әділхан ЕСІМХАНОВ