ШҚО палуаны Будапештке жол тартады

502
көрілім

Жерлесіміз Диас Асқаров еркін күрестен Мажарстанның астанасы Будапешт қаласында өтетін 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионатында бақ сынайды, деп хабарлайды Бұқара.кз сайтының тілшісі.

Бапкерлік құрам бекіткен команда сапына 79 келі салмақтағы жерлесіміз Диас Асқаров енген екен. Естеріңізге сала кетейік, тамыздың ортасында Эстонияның Таллин қаласында өткен жастар арасындағы Әлем чемпионатында осы салмақта семейлік Тілек Қабыкенов белдескен еді. Дегенмен Тілек 1/8 финалда армян палуаны Арман Авагяннан 5:2 есебімен ұтылып, жарыс жолынан шығып қалған-ды. Енді қарсыластар да өзгеруі мүмкін, белдесу сипатының да басқа деңгейде өрбитіні сөзсіз. Бұл жолы ел намысын Диас қорғайтын болды. Еліміздің ресми күрес парақшасы дерегіне сенсек, қазанның 28-і мен қарашаның 3-і аралығында өтетін аламанда жарыс шымылдығын еркін күрес палуандары ашпақ.

Сонымен Бухарест бозкілемінде бақ сынайтын ел құрамасының тізімі төмендегідей:

1. Адлан Асқаров (57 келі)

2. Дәулет Тәжібай (61 келі)

3. Рифат Сайбаталов (65 келі)

4. Ілияс Жұмай (70 келі)

5. Есенғали Дархан (74 келі)

6. Диас Асқаров (79 келі)

7. Есқали Дәулетқазы (86 келі)

8. Шамиль Магамадов (92 келі)

9. Серік Бақытханов (97 келі)

10. Юсуп Батырмырзаев (120 келі)

Әділхан ЕСІМХАНОВ