ШҚО палуаны Әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегерін ұтты

536
көрілім
Фотосурет сайт редакциясынан

Бүгін Алматы қаласында жалауын көтерген күрес түрлерінен ел чемпионатында күтпеген нәтижелер тіркелуде. Бозкілемге еркін күрес шеберлері шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Фавориттер жайлы кесіп-пішіп айту қиын. Бүгін 57, 61 және 86 келіге дейін салмақ дәрежесінде үздіктер анықталуда. Әзірге шығысқазақстандық палуандар сәтті өнер көрсетуде. Құрама үздіктері Расул Қалиев пен семейлік Азамат Дәулетбеков қарсыластарынан айқын басым түсіп, алғашқы айналымдарын сәтті өткізді. Ал 61 келі салмақтың алғашқы айналымы жұрт күтпеген нәтижемен есте қалды. Ресейлік Заур Угуев, Түркияның үздігі Сулейман Атлилермен иық тірестере белдесіп, Әлем чемпионатында екі мәрте жүлдегер атанған ақтөбелік Нұрислам Санаев жерлесіміз Мұхтар Сейітовке жол берді! Мұхтардың қапсыра құшақтап барып жасаған әдісінен соң Санаев тырп ете алмады. Таза жеңіс! Дегенмен көпшілігі шығысқазақстандық спортшының бұл жеңісін кездейсоқтыққа балап, көп ұзамай жеңіліс табатынын болжауда. Дегенмен барлығын белдесу көрсететінін естен шығармаған жөн.

Фотосурет сайт редакциясынан