ШҚО ПД ауа райының нашарлауы туралы хабарлайды

376
көрілім
Шартты фотосурет

ШҚО Полиция департаменті басшылығы қыс мезгілінің түсуіне, автомобиль және көше жолдарының жүру бөлігінде қар мен мұздың пайда болуына байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Нәтижесінде жол-көлік оқиғаларының орын алу ықтималдығы артады. Ал қатты қар жауған кезде кептелістер және көлік қозғалысының, әсіресе қала сыртындағы автомобиль жолдарында толық тоқтауы жиі кездеседі.

- Полиция департаменті сізден жолда сақ болуды сұрайды, өйткені қолайсыз жағдайлар кезінде көлік жүргізуде қиындықтар туындайды. Мұндай кезеңдерде мұз әсіресе қауіпті, ол ең алдымен көпірлерде, биік үйінділерде, сондай-ақ қоғамдық көлік аялдамалары жанында, қиылыстар мен өткелдерде пайда болады. Сонымен қатар, көлік құралдарын басқару кезінде автомобильдер арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз, бұл жолдағы күтпеген жағдайда апаттың алдын алуға көмектеседі. Жолда құтқару қызметінің хабарламаларына назар аударыңыз, ал ауа райы нашарлаған кезде сізден мүмкіндігінше қала сыртына барудан бас тартуды немесе көліктің балама түрін пайдалануды сұраймыз.

Тағы бір рет қысқы шиналары бар дөңгелектерді орнату қажеттілігін еске саламыз.

Қала сыртындағы автомобиль жолдарының жағдайы мен жүру барысы туралы тәулік бойы ақпаратты келесі телефондар арқылы білуге болады:

- ШҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының кезекші бөлімі: 77-70-81, 77-60-05;

- «Қазақавтожол» РМК ШҚОФ диспетчері: 26-28-08, 24-08-98, 8-777-535-89-08;

- «Облшығысжол» ЖШС диспетчері: 57-42-52, 8-771-086-55-43.

Құрметті жүргізушілер, сіздерге Қауіпсіз жол тілейміз! - делінген мәліметте.