ШҚО полицейлері 29 заңсыз иммигрантты анықтады

703
көрілім

Қыркүйек айының 24-і күні көші-қон қызметінің қызметкерлері «Учаске» жедел алдын алу шарасы аясында уәкілетті орган рұқсаты жоқ көршілес елдің 30-ға жуық азаматын анықтады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
ШҚО Полиция департеміндегілер ұсынған мәліметке сүйенсек, Ақтоғай аумағында уәкілетті орган рұқсатынсыз жел станциясы құрылыс жұмыстарымен айналысқан Тәжікстан Республикасының 29 азаматы анықталды.
- Қазіргі уақытта шетелдік азаматтарға қатысты осы құқық бұзушылық үшін ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік материал жасалып, сотқа шешім қабылдау үшін жіберілді, - дейді ШҚО ПД көші -қон қызметі басқармасы басшысы Ербол Бекпаев.
Жыл басынан бері көші -қон заңнамасын бұзғаны үшін 300 -ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көші-қон қызметі уәкілетті органның рұқсатынсыз Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдік азаматтардың қызметіне тыйым салынғанын ескертеді.